YURTA DOM-нің коммуналдық қызметтерге төлем жасау туралы шот-түбіртектерін тұтынушының электрондық мекен-жайы (e-mail) бойынша алу үшін, мына құжаттардың сканерленген көшірмелерін ұсыну немесе reception@yurtadom.kz электрондық мекен-жайға жөнелту қажет:
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Керемет ықшам ауданы, үй 7, корп. 39, офис 472.
Мынандай әйгілі фраза бәрімізге жақсы таныс: «Жарнама - прогрестің қозғалтқыш күші». Бұл шын мәнінде солай екендігін айта кету керек. Шынында да жарнаманың арқасында біз сатылымда пайда болған жаңашылдықтар туралы білеміз немесе жаңадан ұсынылып отырған қызметтердің түрлерімен танысамыз. Бүгінгі таңда жарнаманы кез-келген жерлерден кездестіруге болады: теледидардан, газеттер мен журналдардан, жарнамалық плакаттардан және кергілерден, автобустардағы және орындықтардағы жарнамалар, радио арқылы дауыстық жарнамалар және т.б. Жарнамалардың осынша үлкен көлемде болуы кей-кездерде тіпті көпшіліктің ашуын да келтіреді, дегенмен онымен ештеңе жасай алмасың түсінікті, өйткені барлық өндірушілер өз өнімдері туралы барынша көбірек жария еткілері келеді.
Жарнама тек коммерциялық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік те болатындығын атап өту керек. Әлеуметтік жарнама қайырымдылық және басқа да қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.
Жарнаманың басты мақсаты болып, барлық бәсекелестерінің арасында өзінің тауарын бөліп көрсету саналады. Ол тауарды көпке танымал, бірден танып қоятындай және есте сақталатындай етуі тиіс, бұл сатылымның артуына алып келеді. Кез-келген жарнама барынша көбірек әлеуетті клиенттерді тартуға бағытталған. Дегенмен сатылымды арттыру үшін осының ғана болуы жеткілікті болмайды. Клиент дәл осы жарнамаланған тауарды немесе қызметті таңдағысы келуі тиіс, ал ол үшін оны ұстап тұру қажет. Клиенттерді сенімді ұстап тұру үшін, жарнамада айтылған барлық уәделерді орындау қажет.
Жарнаманы орналастыру не үшін қажет? Өйткені ақпараттың көп бөлігін әлеуетті клиенттер Интернеттен, теледидарлардың экрандарынан және басылымдардан алады. Жарнаманы мақсатты аудиториялар үшін барынша қолжетімді болуын ескере отырып, дұрыс орналастыру - бұл Сіздің компанияңызды алға шығарудағы қарапайым және адам сенбестей тиімді тәсілі.
Біз жарнама барынша тиімді болуы үшін не істеу керек екендігін білеміз. Біздің компания сіздер үшін табысқа барар жолдағы ең сенімді көмекшіңіз бола алады.
Басты шарт - барынша көп аудиторияны қамту. Түбіртектердегі жарнамалардың жақсысы сол, түбіртек - кемінде 3 жыл сақтау қажет болатын ресми құжат болып табылады, сондықтан да Сіз осы мерзімнің ішінде Сіздің түбіртектердегі жарнамаңыз қоқыс салатын жәшікке түсіп кетпейтіндігіне сенімді болуыңызға болады. Жарнамаларыңызды YURTA DOM түбіртектерінде басып шығара отырып, Сіз барынша ұзақ мерзімді жарнамалық науқанның иесі боласыз.
Жарнаманы түбіртектерге орналастыру Сіздің компанияңызға өз қызметі туралы қала тұрғындарының басым көпшілігін хабардар етуге мүмкіндік береді. «YURTA DOM түбіртектеріндегі жарнама тұрғын үйлердің пәтерлеріне кепілді түрде келіп түседі. Жарнаманы түбіртектерге орналастыру барлық қажетті ақпарат Сіздердің әлеуетті клиенттеріңізге толықтай жететіндігіне сенімділік береді.
Біз осыған дейін айтқанымыздай, осындай жарнаманың аудиториясы өте ауқымды болады. Сонымен бірге тұрғындардың Сіздің жарнамалық хабарламаларыңызбен танысуы қолайлы жағдайда жүзеге асады. Тұтынушы жарнамамен танысып шығу үшін асықпайды, керісінше онымен барынша кең уақытта танысып, дұрыс қабылдайды, сондай-ақ тасымалдағыштың мөлшеріне қарай, барынша жан-жақты ақпараттан тұратын шоттағы жарнама оған ұнайтын болады. Осындай жарнаманың плюстеріне жататындар: барынша демократиялық құны, және жарнаманы осы аумаққа, яғни қаланың аудандарына тарату мүмкіндігінің болуы.
Төлем жасау түбіртектеріндегі жарнаманы дәріханалардың, шағын және ірі дүкендердің иелері, тауарларды кеңінен таратумен айналысатындар да жақсы пайдаланатын болады.
YURTA DOM түбіртегіне жарнаманы орналастыру сұлулық салондарына, бассейндерге, фитнес-орталықтарға, клубтарға жақын маңда орналасқан белгілі бір ауданның тұрғындарының да назарына ілігуі мүмкін. Шоттардағы жарнамалар басқа жарнамалық хабарландырулардың ортасында жоғалып кетпейді, ол міндетті түрде кез-келген әлеуетті тұтынушының қолына жеткізілетін болады.
Мына телефондар арқыла хабарласуға болады: +7(727)355 09 80, доп.600 E-mail : reception@yurtadom.kzYURTA DOM ПКСК, ЖСК бойынша дерекқорлар базасына ( «YURTA-Абонент» Бағдарламалық кешені) қолжетімділікті ұсыну жөніндегі өзінің қызметтерін ұсынады.
Аталған қызмет ПКСК белгілі бір кезең ішінде көрсетілген қызметтердің дербес шоттарының ақпаратын алуға, түзетулер нысанын электрондық түрде құруға, дербес шоттардың қимасы түрінде күн сайынғы төлемдердің файлдарын беруге, белгілі бір кезеңдегі және белгілі бір күнге арналған қарыз жөніндегі ақпаратты алуға, сотқа дейінгі ескертпелерді құрастыру және басып шығару, қажетті анықтамалық және шығыс нысандарын құрастурға және алуға мүмкіндік береді.
Мына орынға хабарласуға болады: өндірістік бөлімге (№ 1 кабинет, телефон: +7 (727) 355-09-80 доп.641)
Yurta Dom Қызмет Провайдерлеріне есеп айырысу қызметтерін (есеп айырысу операцияларын) ұсыну бойынша өз қызметтерін ұсынады.
Байланыс: (телефон: +7 (727) 355-09-80 доп.620