YURTA DOM төлем құжаттары бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне төлем жасауды Алматы қаласындағы 16 екAінші дәрежелі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерінде, «Қазпошта» АҚ «Алматы почтамты» Алматыдағы филиалының пошта бөлімшелерінде, негізгі банктердің терминалдарында, сондай-ақ Интернет-банкингтер арқылы жүзеге асыруға болады.
Интернет арқылы қызметтерге төлем жасау келесі банктерде жүзеге асырылады:
YURTA DOM коммуналдық қызметтеріне төлем жасау туралы шот-түбіртектерді тұтынушының электрондық мекен-жайына (email) алу үшін, көшірмелерін ұсыну қажет, немесе сканерленген құжаттарды reception@yurtadom.kz электрондық мекен-жайына жөнелту қажет:
Шот-түбіртектегі Т.А.Ә. және тұрғындардың санын өзгерту үшін, өзіңіздің ПИК-ке жүгіну немесе YURTA DOM-ға келесідей құжаттарды ұсыну қажет:
Yurta Dom тұрғын үй-коммуналдық және басқа қызметтерін төлеуге
Yurta Dom әр ай сайын тұрғындарға ПИК, ТПИК....және қызметтердің жеткізушілерімен көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық және басқа қызметтерін төлеуге төлеу құжатын (шот-түбіртегін) әр ай сайын жасайды және басып шығарады (электрондық пошта арқылы жолдайды)
Yurta Dom шот-түбіртегінде қызметтердің екі түрі бар:
· Төлеуге міндетті қызметтер – шот-түбіртегінде көрсетілген мерзіміне дейін қатаң төлеуге міндетті қызметтер. Келесі айдың шот-түбіртегінде міндетті қызметтерін төлемеу жағдайында, өсімақы есептеліп қойылатын қарыз пайда болады. Жеткізушілер берешектің толық өтеуіне дейін қызметердің көрсетуін тоқтата алады.
· Қалау бойынша қызметтер – тек қана төлеуші пайдалануға қалайтын қызметтер жағдайында төленетін қызметтер (түбіртектің осындай қызметтер тармағында «Қалау бойынша төлеу» немесе «Қалау бойынша қызмет» деп белгіленген).
Шот-түбіртекті толтыру кезінде, келесіні есте сақтау қажет:
· Шот-түбіртек анық толтырылу қажет.
· «Төлемін» графасында Сіз қалайтын сомасын жазу керек. Егер Сіз не ол, не бұл қызметін төлеуге қаламайтын болсаңыз, онда осы қызмет бойынша «Төлемін» графасында сызық қойылады.
· Шот-түбіртектің үстінгі және төменгі бөлігі бірдей толтырылу қажет.
· «Барлығы» жолы - төлеуге қорытынды сомасы міндетті түрде толтырылады. Егер Сіз қорытынды сомасын ықшамдауға ұйғарсаңыз, онда оны көбею жағына ықшамдау қажет. Кішірейту жағына ықшамдау кезінде, Сіз ықшамдаған сомасына қарыздар пайда болады.
· Егер шот-түбіртекте «БАРЛЫҒЫ» қорытынды сомасы дұрыс емес есептелген немесе шот-түбіртек дұрыс емес толтырылған жағдайында, Yurta Dom осы шотты төленген сомасы аясында түзейтуге құқылы.
· «Қалау бойынша қызметтерін» төлеу кезінде осы қызмет тек ағымдағы айда көрсетілетінін есте сақтау қажет.
Шот-түбіртектерде МАИ немесе әкімшілік бұзушылықтардың айыппұлдары туралы ақпарат басылып шығарылады. Осы графалары тек ақпарат үшін арналған. Төлемдерді МАИ немесе терминалдар (INTERNET) арқылы төлеу мүмкін.
Оларды Yurta Dom шот-түбіртектері арқылы төлеуге БОЛМАЙДЫ.
Есте сақтаңыз: Шот-түбіртектерді төлеуді төлеу мерізімінен кешікпей төлеу қажет. Кеш төленген төлемдер келесі есептік түбіртегінде жазылатын болады.